Constitution of the Republic of Kazakhstan

For optimal readability, we highly recommend downloading the document PDF, which you can do below.

Document Information:

  • Year:
  • Country: Kazakhstan
  • Language: Kazakh
  • Document Type: Domestic Law or Regulation
  • Topic:

• ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте
күшіне енді.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011
жылғы 2 ақпандағы Заңымен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының
Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте
сақталады.
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттілік құра отырып, ӛзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына
берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дҥниежҥзілік
қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отыр ып, ӛзіміздің
егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

І бӛлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы ӛзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның ӛмірі,
құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық,
бүкіл халықтың игілігін кӛздейтін экономикалық д аму, қазақстандық патриотизм, мемлекет
ӛмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет ӛз аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын және бӛлінбеуін қамтамасыз етеді.

3. Республиканың әкімшілік -аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен
белгіленеді. Қазақстанның е лордасы Астана қаласы болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар 1.
3-бап
1. Мемлекеттік биліктің бірден -бір бастауы — халық.
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге
асырады, сондай -ақ ӛз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп
кетушілік за ң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге
Республика Президентінің, сондай -ақ ӛзінің конституциялық ӛкілеттігі шегінде
Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен ӛзге де мемлекеттік органдар
мемлекет< атынан оларға берілген ӛкіле ттіктері шегінде ғана билік жүргізеді. 4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бӛліну, олардың тежемелік әрі тепе -теңдік жүйесін пайдалану арқылы, ӛзара іс -қимыл жасау при нципіне сәйкес жүзеге асырылады. 4-бап 1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, ӛзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай -ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. 2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. 3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заң дарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады. 4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтары на, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. 5-бап 1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партиял ардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. 2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жо л берілмейді. 3. Мақсаты немесе іс -әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп ӛзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік -топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталғ ан қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай -ақ заңдарда кӛзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. 4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай -ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. 5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай -ақ шетелдік діни о рталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады 2. 6-бап 1. Қазақстан Республикасын да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. 2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің ӛз құқықтарын жүзеге асыру кӛлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. 3. Жер және оның қойнауы, су кӛздері, ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай -ақ заңда белгіленген нег іздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 7-бап 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті ӛзін -ӛзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. М емлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 8-бап Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату кӛршілік қарым -қатынас жасау , олардың теңдігі мен бір -бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады. 9-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді 3. ІІ бӛлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ 10 -бап 1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады. 2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, ӛзінің азаматтығын ӛзгерту құқығынан айыруға, сондай -ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. 3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. 11 -бап 1. Республиканың халықаралық шарттарында ӛзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. 2. Республика ӛзінің одан тыс жерле рде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. 12 -бап 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тум ысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен ӛзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 3. Республиканың азаматы ӛзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. 4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда ӛзгеше кӛзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай -ақ міндеттер атқарады. 5. Адамның және азаматтың ӛз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. 13 -бап 1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына қ ұқығы бар және ӛзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. 2. Әркімнің ӛз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. 3. Әркімнің білікті заң кӛмегін а луға құқығы бар. Заңда кӛзделген реттерде заң кӛмегі тегін кӛрсетіледі. 14 -бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге кӛзқарасына, нанымына, тұрғылықты ж еріне байланысты немесе кез келген ӛзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. 15 -бап 1. Әркімнің ӛмір сүруге құқығы бар. 2. Ешкімнің ӛз бетінше адам ӛмірін қиюға хақысы жоқ. Ӛлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылм ыстар жасағаны үшін, сондай -ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы ӛтініш ету хақы бар 4. 16 -бап 1. Әркім ӛзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. 2. Заңда кӛзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз ад амды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады. 3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) кӛмегін пайдалануға құқылы 5. 17 -бап 1. Адамның қадір -қасиетіне қол сұғылмайды. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық -зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір -қасиетін қорлайтындай жәбір кӛрсетуге не жазалау ға болмайды. 18 -бап 1. Әркімнің жеке ӛміріне қол сұғылмауына, ӛзінің және отбасының құпиясы болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. 2. Әркім ӛзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сӛйлескен сӛздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. 3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауа зымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа ӛзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат кӛздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. 19 -бап 1. Әркім ӛзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай ді нге жататынын ӛзі анықтауға және оны кӛрсету -кӛрсетпеуге хақылы. 2. Әркімнің ана тілі мен тӛл мәдениетін пайдалануға, қарым -қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 20 -бап 1. Сӛз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліме ттер тізбесі заңмен белгіленеді. 3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп ӛзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік -топтық және рулық астамшылықты, сондай -ақ қат ыгездік пен зорлық -зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. 21 -бап 1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда кӛрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп -тұруға және тұрғылықты мекенді ӛ з қалауынша таңдап алуға құқығы бар. 2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. 22 -бап 1. Әркімнің ар -ождан бостандығына құқығы бар. 2. Ар -ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. 23 -бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. 2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сӛйлемеуге тиіс. 24-бап 1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не тӛтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету ж ағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай -ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. 3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалад ы. 4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. 25 -бап 1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. 2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда кӛ рсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама -шарқы кӛтеретін ақыға беріледі. 26 -бап 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жек е меншігінде ұстай алады. 2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. 3. Соттың шешімінсіз ешкімді де ӛз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен кӛзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағам ен ӛтелген кезде жүргізілуі мүмкін. 4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, ӛз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 27 -бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата -ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата -анасына қамқорлық жасауға міндетті. 28 -бап 1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және ӛзге де заңды негіздерде оған ең тӛменгі жалақы мен зейнетақының мӛлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік бер іледі. 2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайы -рымдылық кӛтермеленіп отырады. 29 -бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. 2. Республика азаматтары заңмен белгіленге н кепілді медициналық кӛмектің кӛлемін тегін алуға хақылы. 3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай -ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізі леді. 30 -бап 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. 2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. 3. Жекеменшік оқу орындарында а қылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. 4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек. 31 -бап 1. Мемлекет адамның ӛмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 2. Адамдардың ӛмірі мен денсаулығына қатер тӛндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. 32 -бап Қазақстан Республикасының азам аттары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер ӛткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтар ын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін. 33 -бап 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және ӛз ӛкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті ӛзін -ӛзі басқару органдарына тікелей ӛзі жүгінуге, сондай -ақ жеке және ұжымдық ӛтініштер жолдауға құқығы бар. 2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті ӛзін -ӛзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай -ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. 3. Сот іс -әрекетке қаб ілетсіз деп таныған, сондай -ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемле кеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді 6. 34 -бап 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір -қасиетін құрметтеуге міндетті. 2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті 7. 35 -бап Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және ӛзге де міндетті тӛлемдерді тӛлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. 36 -бап 1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматын ың қасиетті парызы және міндеті. 2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. 37 -бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескертк іштерін қорғауға міндетті. 38 -бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. 39 -бап 1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, ад амның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. 2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. 3. Саяси себептер бойынша азама ттардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13 -15 -баптарында; 16 -бабының 1-тармағында; 17 -бабында; 19 -бабында; 22 -бабында; 26 -бабының 2 -тармағында кӛзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдай да да шектелмеуге тиіс. ІІІ бӛлім ПРЕЗИДЕНТ 40 -бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан ӛкіл дік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 2. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. 3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің бар лық тармағының келісіп жұмыс істеуін және ӛкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 41 -бап 1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және тӛте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. 2. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. 3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде ӛткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа -тұс келмеуге тиіс. 3-1. Презид енттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайын да - лады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде ӛткізіледі 8. 4. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен алынып тасталды. 5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде -бірі кӛрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа са лынады, оған кӛп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең кӛп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі 9. 42 -бап 1. Қазақстан Республикасыны ң Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің ӛзіме жүктелген мәртебелі міндетін ада л атқаруға салтанатты түрде ант етемін», — деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. 2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай -ақ Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің қатысуымен ӛткізіледі. Конституцияның 48 -бабында кӛзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің ӛкілеттігін ӛзіне қабылдаған адам Республика Президентінің ӛкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді. 3. Республика Президентінің ӛкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай -ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Ре спубликаның бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс -Президенті деген атағы болады. 4. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен алынып тасталды. 5. Бір адам қатарынан ек і реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды 10. 43 -бап 1. Қазақстан Республикасы Президентінің ӛкілді органның депутаты болуға, ӛзге де ақы тӛленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. 2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -ІІІ Заңымен алынып тасталды. 44 -бап Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды; 2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не за ңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 3) Парламент Мәжілісінде ӛкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер - Министрінің кандидатур асын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер -Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер - Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқаруш ы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына тӛрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер -Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күші н жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады; 4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Тӛрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тӛрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады; 5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 6) Республика дипломатиялық ӛкілдіктерінің басшыларын тағайындайды ж әне кері шақырып алады; 7) Орталық сайлау комиссиясының Тӛрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жӛніндегі есеп комитетінің Тӛрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; 8) Республиканың мемлекеттік бағдар ламаларын бекітеді; 9) Республика Премьер -Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы тӛлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; 10) республикалық референдум ӛткі зу жӛнінде шешім қабылдайды; 11) келіссӛздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; ӛзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және ӛзге де ӛкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақыры п алу грамоталарын қабылдайды; 12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады; 13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әс кери және ӛзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; 14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; 15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады; 16) Республиканың демократиялық инсти туттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер тӛнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер -Министрмен және Республика Парла менті Палаталарының Тӛрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде тӛтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталғ ан жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады; 17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер тӛнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы м обилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; 18) ӛзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды; 19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды және қызмет тен босатады, оның мәртебесі мен ӛкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады; 20) Қауіпсіздік Кеңесін және ӛзге де консультативтік -кеңесші органдарды, сондай -ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады; 21) Республик аның Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да ӛкілеттіктерді жүзеге асырады 11. 45 -бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен ӛкімдер шығарады. 2. Конституцияның 53 -бабының 4) -тармақшасында кӛзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61 -баптың 2 -тармағында кӛзделген ретте Республиканың заң күші бар ж арлықтарын шығарады. 3. Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай -ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Тӛрағаларының не Премьер -Министрдің алдын -ала қолдары қойылып тиянақталады. 46 -бап 1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір -қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. 2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет кӛрсету жә не қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады. 3. Осы баптың ережелері Республиканың экс -Президенттеріне қолданылады. 4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен ӛкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады 12. 47 -бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты ӛзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссия ның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде тӛрттен үшінің кӛпшілігімен қабылданады. 2. Республиканың Президенті ӛзінің міндеттерін атқар у кезіндегі іс -әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттар дың жалпы санының кӛпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікт і шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде тӛрттен үшінің кӛпшілік даусымен П арламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыз дық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының ӛкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады. 3. Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Пар ламентінің немесе Парламент Мәжілісінің ӛкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жӛнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды 13. 48 -бап 1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне н мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай -ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің ӛкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Тӛрағасына кӛшеді; Сенат Тӛрағасының ӛзіне Президент ӛкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парла мент Мәжілісінің Тӛрағасына кӛшеді; Мәжіліс Тӛрағасының ӛзіне Президент ӛкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер -Министріне кӛшеді. Ӛзіне Республика Президентінің ӛкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Тӛрағасының, Мәжіліс Тӛрағасының немесе Премьер - Министрдің ӛкілет -тігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда кӛзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Осы баптың 1 -тармағында кӛзделген негіздерде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің ӛкілеттігін ӛзіне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына ӛзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ 14. ІV бӛлім ПАРЛА МЕНТ 49 -бап 1. Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары ӛкілді органы. 2. Парламенттің ӛкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқ а кіріскен кезден аяқталады. 3. Парламенттің ӛкілеттігі Конституцияда кӛзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 4. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді 15. 50 -бап 1. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан ӛкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық -мәдени және ӛзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Рес публика Президенті тағайындайды. 3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. 4. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. 5. Сенат депутаттарының ӛкілеттік мерзімі — алты жыл, Мә жіліс депутаттарының ӛкілеттік мерзімі — бес жыл 16. 51 -бап 1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және тӛте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы ӛкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын ӛткізіледі. 2. Сенат депутаттары жан ама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың ӛкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей ӛт кізіледі. 3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің ӛкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде ӛткізіледі. 4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағынд а кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. 5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. 6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді 17. 52 -бап 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -ІІІ Заңымен алынып тасталды. 2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке ӛзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгі ленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады. 3. Парламент депутатының басқа ӛкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және ӛзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы тӛленетін ӛзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйы мның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың ӛкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады. 4. Парламент депутатын оның ӛкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін ә кімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 5. Парламент депутатының ӛкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заң ды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс -әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда кӛзделген ӛзге де жағдайларда тоқтатылады. Парламент депутаты: 1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; 2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде ӛз мандатынан айырылады. Парламент Мәжілісінің депутаты: 1) депутат конституциялық заңға сәйкес ӛзін сайлаған са яси партиядан шыққан немесе шығарылған; 2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде ӛз мандатынан айырылады. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының ӛкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мер зімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының ӛкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады. 6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3 -тармағының тала птарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай -ақ депутаттардың ӛкілеттігін тоқтатуға және ӛкілеттігінен әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жӛніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі 18. 53 -бап Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жӛніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білді ргенін кӛрсетеді; 3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару ӛкілеттігін беруге хақылы; 4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 5) Республика Президентінің ұсыны сы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жӛніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; 6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай -күйі туралы жыл сай ынғы жолдауын тыңдайды; 7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың тӛрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; 8) Парламентке Конституция жүктеген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асырады 19. 54 -бап 1. Парламент палаталардың бӛлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта ӛз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: 1) республикалық бюджетті бекітеді, оған ӛзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; 3) Қазақстанның әкімшілік -аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; 4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және ӛзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды; 5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және ӛзге де кӛмек кӛрсетуі туралы мәселелерді шешеді; 6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді; 7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды. 2. Парламент палаталардың бӛлек отырысында мәселелерді әуелі — Мә жілісте, ал содан кейін Сенатта ӛз кезегімен қарау арқылы: 1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды; 2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай ме рзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды ӛткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі кӛпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді раста йтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада кӛзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде тӛрттен үшінің даусымен еңсереді; 3) республикалық референдум тағайындау т уралы бастама кӛтереді 20. 55 -бап Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Тӛрағасын және Жоғарғы Сотын ың судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; 2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Тӛрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тӛрағасын тағайындауына келісім беру; 3) Республиканың Бас Прокурорын , Жоғарғы Сотының Тӛрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жӛніндегі құқығынан айыру; 4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -ІІІ Заңымен алынып тасталды 5) Мәжілістің ӛкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уа қытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жӛніндегі функцияларын орындау; 6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру 21. 56 -бап 1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: 1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; 2) Палата депутаттарының жалпы санының кӛпшілік даусымен Респу блика Президентіне Республика Премьер -Министрін тағайындауға келісім беру; 3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; 4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кӛпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы 22. 57 -бап Парламенттің әр Палатасы дерб ес, басқа Палатаның қатысуынсыз: 1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жӛніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды ; 2) Конституцияның 47 -бабының 1 -тармағында кӛзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына ӛкілеттік береді; 3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды; 4) Палаталар депутаттарының ӛкілеттігін тоқтатады, сондай -ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жӛніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді; 5) ӛз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар ӛткізеді; 6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің ӛз қызметі мәселелері жӛніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы са нының кӛпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне ӛтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай ӛтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен алғашқы ӛтініш берілген күн нен бастап алты ай ӛткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады; 7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс орган дарын құрады; 8) ӛз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша ӛзге де шешімдер қабылдайды 23. 58 -бап 1. Палаталарды мемлекеттік ті лді еркін меңгерген ӛз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған тӛрағалар басқарады. Сенат Тӛрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұс ынады. Мәжіліс Тӛрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. 2. Палаталардың тӛрағалары, егер бұл үшін Палаталардың депутаттары жалпы санының кӛпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін, сондай -ақ олар ӛз еркімен о рнынан түсуге хақылы. 3. Парламент Палаталарының тӛрағалары: 1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға тӛрағалық етеді; 2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды; 3) Палаталар тӛрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсынады; 4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды; 6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды; 7) палаталарға Конституциялық Ке ңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жӛніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады; 8) ӛздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады. 4. Мәжіліс Тӛраға сы: 1) Парламент сессияларын ашады; 2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына тӛрағалық етеді. 5. Палаталардың тӛрағалары ӛз құзыретіндегі мәселелер бойынша ӛкімдер шығарады 24. 59 -бап 1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бӛлек отырыстары түрінде ӛткізіледі. 2. Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады. 3. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін ӛткізіледі. 4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президен ті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті ӛз бастамасымен, палаталар тӛрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады. 5. Палаталардың бірлескен және бӛлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда ӛткізіледі. 6. Палаталардың бірлескен және бӛлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде кӛзделген реттерде жабық отырыстар ӛткізілуі мүмкін. Республика Президентінің, Премьер -Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Тӛрағасының, Бас Прокурордың, Ұ лттық қауіпсіздік комитеті Тӛрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сӛз сӛйлеуге құқығы бар 25. 60 -бап 1. Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады . 2. Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе -тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы. 3. Комитеттер мен комиссиялар ӛз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады. 4. Комитеттер мен комиссиялар ды құру, олардың ӛкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді. 61 -бап 1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. 2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай -ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады. 3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға: 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне; 2) меншік режиміне және ӛзге де мүліктік құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті ӛзін -ӛзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет інің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті тӛлемдерді белгілеуге; 5) республикалық бюджетке; 6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қам сыздандыруға; 8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 9) айналадағы ортаны қорғауға; 10) республиканың әкімшілік -аумақтық құрылысына; 11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейті н заңдар шығаруға хақылы. Ӛзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі. 4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының кӛпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депут аттары жалпы санының үштен екісінің кӛпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды. 5. Сенат депутаттары жалпы санының к ӛпшілік даусымен заң жобасына енгізілген ӛзгертулер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының кӛпшілік даусымен ұсынылған ӛзгертулермен және толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс нақ сонд ай кӛпшілік дауыспен Сенат енгізген ӛзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі. 5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған констит уциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Кон ституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен жүзеге асырады. Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген ӛзгерістер мен толы қтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген ӛзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс, Сенат енгізген ӛзгерістер мен толықтырулар бойы нша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі. 6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты кӛбейтуді кӛздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді. 7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер -Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте ӛткі зілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды 26. 62 -бап 1. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қаб ылдайды. 2. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. 3. Конституцияға ӛзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде тӛрттен үшінің кӛпшілік даусымен енгізіледі. 4. Конституциялық заңдар Констит уцияда кӛзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің кӛпшілік даусымен қабылданады. 5. Парламент пен оның Палаталарының заң актілері, егер Конституцияда ӛзгеше кӛзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының кӛпш ілік даусымен қабылданады. 6. Қазақстан Республикасының Конституциясына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым ӛткізу міндетті. 7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс. 8. Республиканың заң және ӛзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және П арламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі 27. 63 -бап 1. Республика Президенті Парламент палаталары тӛрағаларымен және Премьер - Министрмен консультациялардан кейін Парл аментті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. 2. Парламентті және Парламент Мәжілісін тӛтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент ӛкілеттігінің соңғы алты айында, сондай -ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды 28. V бӛлім ҤКІМЕТ 64 -бап 1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. 2. Үкімет алқалы орган болып табылады және ӛзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда кӛзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. 3. Конституцияның 57 -бабының 6) тармақшасында кӛзде лген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді. 4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді 29. 65 -бап 1. Қазақстан Респу бликасының Президенті Үкіметті Конституцияда кӛзделген тәртіппен құрады. 2. Республика Премьер -Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер - Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. 3. Үкімет мү шелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді. 66 -бап Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді жә не олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) мемлекетті к меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жӛнінде шаралар әзірлейді; 6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, ӛзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 7) Республиканың минист рліктері, мемлекеттік комитеттері, ӛзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бӛлігінде жояды немесе тоқтата тұрады; 8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -І Заңымен алынып тасталды. 10) ӛзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген ӛзге де қызметтерді орындайды 30. 67 -бап Қазақстан Республикасының Премьер -Министрі: 1) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді; 2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -ІІІ Заңымен а лынып тасталды. 3) Үкімет қаулыларына қол қояды; 4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жӛнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жӛнінде Президентке баяндап отырады; 5) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтер ді атқарады. 68 -бап 1. Үкімет мүшелері ӛз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі ӛздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің алдында жеке -дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған с аясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге ӛтініш береді не ол лауазымнан босатылуға тиіс. 2. Үкімет мүшелерінің ӛкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе ӛзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, ӛзге де ақы тӛленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес ӛздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бай қаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ 31. 69 -бап 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ӛз құзыретінің мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар ш ығарады. 2. Республиканың Премьер -Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ӛкімдер шығарады. 3. Үкіметтің қаулылары және Премьер -Министрдің ӛкімдері Конституцияға, заң актілеріне, Республика Президентінің жарлықтары мен ӛкімдеріне қайшы кел меуге тиіс. 70 -бап 1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында ӛз ӛкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер -Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті ӛзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет ӛз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. 2. Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі ӛздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, олар Республиканың Пр езидентіне ӛз орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге хақылы. 3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. 4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы м әселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды. 5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің ӛкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер -Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің ӛкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 6. Үк іметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. 7. Республиканың Президенті ӛз бастамасы бойынша Үкіметтің ӛкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мү шесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер - Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің ӛкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді 32. VІ бӛлім КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС 71 -бап 1. Қазақстан Рес публикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың ӛкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс -Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. 2. Конституциялық Кеңестің Тӛрағасын Республиканың Пр езиденті тағайындайды және дауыс тең бӛлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады. 3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін — Республика Президенті, екі -екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. 4. Конституциялық Кеңестің Тӛрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе ӛзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, ӛзге де ақы тӛленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, комме рциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 5. Конституциялық Кеңестің Тӛрағасы мен мүшелерін ӛздерінің ӛкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 6. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі 33. 72 -бап 1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Тӛрағасының, Мәжіліс Тӛрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бӛлігінің, Премьер -Министрдің ӛтініші бойынша: 1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын ӛткізудің дұрыстығы және республикалық референдум ӛткізу туралы мәселені шешеді; 2) Парламент қабылдаған заңдардың Р еспублика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; 2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды; 3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституц ияға сәйкестігін қарайды; 4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді; 5) Конституцияның 47 -бабының 1 және 2 -тармақтарында кӛзделген реттерде қорытындылар береді. 2. Конституциялық Кеңес соттардың ӛтініштерін Конституцияның 78 -бабында белгіленген реттерде қарайды 34. 73 -бап 1. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72 -бабының 1 -тармағының 1) -тармақшасында кӛрсетілген мәселелер бойынша ӛтініш жасалған ретте, Президенттің қызме тіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады. 2. Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72 -бабының 1 -тармағының 2) және 3) - тармақшаларында кӛрсетілген мәселелер бойынша ӛтініш жа салған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің ӛтуі тоқтатыла тұрады. 3. Конституциялық Кеңес ӛтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде ӛз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің тала бы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін. 4. Конституциялық Кеңестің шешіміне толығымен немесе бір бӛлігіне Республиканың Президенті қарсылық білдіруі мүмкін, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен е ңсеріледі. Президент қарсылығы еңсерілмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі. 74 -бап 1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бек ітілмейді және күшіне енгізілмейді. 2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен ӛзге де нормативтік құқықтық актілердің күші жой ылады және қолданылуға жатпайды. 3. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды 35. VІІ бӛлім СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӚРЕЛІГІ 75 -бап 1. Қазақстан Республикасында сот тӛрелігін тек сот қана жүзеге асырады. 2. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген ӛзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда кӛзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. 3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республика ның соттары болып табылады. 4. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және тӛтенше соттарды құруға жол берілмейді 36. 76 -бап 1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және ӛзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. 2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолд анылады. 3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен ӛзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. 77 -бап 1. Судья сот тӛрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. 2. Сот тӛрелігін іске асыру жӛніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. 3. Заңды қолданған кезде судья тӛмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі; 2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; 3) ӛзіне заңмен кӛзделге н соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің ӛзгертуіне болмайды; 4) сотта әркім ӛз сӛзін тыңдатуға құқылы; 5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болма йды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; 6) айыпталушы ӛзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 7) ешкім ӛзіне -ӛзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер ӛздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; 8) адамның кінәлі екендігі жӛніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; 9) заңсыз тәсілмен а лынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім ӛзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. 4. Конституциямен белгіленген сот тӛрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары м ен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады. 78 -бап Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен ӛзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдан ылуға тиісті заң немесе ӛзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспе н Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. 79 -бап 1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның ӛкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін. 2. Судь яны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республи касы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55 -бабының 3) - тармақшасында белгіленген жағдайда, — Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 3. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі ж ыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. 4. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе ӛзге шығармашылық қызм еттерді қоспағанда, ӛзге де ақы тӛленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 80 -бап Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету респуб ликалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот тӛрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 81 -бап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын ӛзге де іс тер жӛніндегі жоғары сот органы болып табылады, заңда кӛзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады 37. 82 -бап 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Тӛрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. 2. Жергілікті және басқа да соттардың тӛрағалары мен судьялары н Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. 3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары тӛрағаларына ӛкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 4. Жоғары Со т Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Тӛрағадан және басқа да адамдардан құралады. 5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді 38. 83 -бап 1. П рокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және ӛзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме -дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел -іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік ж әне орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жӛнінде шаралар қолданады, сондай -ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге на разылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай -ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 2. Республика Прокуратурасы тӛменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол ӛз ӛкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. 3. Республиканың Бас Прокурорын ӛз ӛкіл еттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокур ор ӛкілеттігінің мерзімі бес жыл. 4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. 84 -бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -ІІІ Заңымен алынып тасталды. VІІІ бӛлім ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӚЗІН -ӚЗІ БАСҚАРУ 85 -бап Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай -күйіне жауапты жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. 86 -бап 1. Жергілікті ӛкілді органдар — мәслихаттар тиісті әкім шілік -аумақтық бӛліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. 2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, тӛте сайлау құқығы негізінде жасыры н дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды. 3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады. 4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: 1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту; 2) ӛздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік -аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 3) заңмен мәслихат құзыр етіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау; 4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және ӛзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу; 5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жӛніндегі ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру. 5. Мәслихаттың ӛкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай -ақ мәслихат ӛз ін-ӛзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның ӛкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. 6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді 39. 87 -бап 1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясаты н жүргізуді қамтамасыз етеді. 2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: 1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 2) коммуналдық меншік ті басқару; 3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу; 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңда рымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру. 3. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен Үкіметінің ӛкілі болып табылатын тиісті әкімшілік -аумақтық бӛліністің әкімі басқарады. 4. Облыстардың, республикал ық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Ӛзге әкімшілік - аумақтық бӛліністердің әкімдері қызметке Қаза қстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті ӛзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. 5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әк імге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат ӛз депутаттарының жалпы санының кӛпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жӛнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұран әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ӛкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. 6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен белгіленеді 40. 88 -бап 1. Мәслихаттар ӛз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер — тиісті әкімшілік -аумақтық бӛліністің аумағында орындалуға міндетті шеші мдер мен ӛкімдер қабылдайды. 2. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды кӛздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін. 3. Қазақстан Республикасының К онституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдерінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. 4. Әкімдердің шешімдері мен ӛкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай -ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. 89 -бап 1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың ӛзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті ӛзін -ӛзі басқару танылады. 2. Жергілікті ӛзін -ӛзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай -ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті ӛзін -ӛзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергі лікті ӛзін -ӛзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін. 3. Қазақстанда жергілікті ӛзін -ӛзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі. 4. Жергілікті ӛзін -ӛзі басқару органдарының дербестігіне ол ардың заңмен белгіленген ӛкілеттігі шегінде кепілдік беріледі 41. ІX бӛлім ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӚТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 90 -бап 1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады. 2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік м ереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланады. 91 -бап 1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің ӛз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша ӛткізілетін республикалық референдум ӛзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін ӛзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады. Егер Республика Президенті Конституцияға ӛзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Па латаларының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен тӛртінің кӛпшілік даусымен Парламент осы ӛзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол ӛткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға ӛзгерістер мен толық тырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. 2. Конституцияда белгіленген мемлекеттің бірт ұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын ӛзгертуге болмайды 42. 92 -бап 1. Конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қабылдану ға тиіс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күші бар актілер ол күшіне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар Конституцияға сәйкес келтіріледі де, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары деп есептеледі. 2. Конс титуцияда аталған ӛзге заңдар Парламент белгілейтін тәртіп пен мерзімде, бірақ Конституция күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс. 3. Республика Президентінің ӛзіне берілген қосымша ӛкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде «Қаз ақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша ӛкілеттік беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күші бар Жарлықтары Республика заңдарын ӛзгерту, толықтыру немесе күшін жо ю үшін кӛзделген тәртіппен ғана ӛзгертілуі, толықтырылуы немесе күшін жоюы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 64 -бабының 12 -15, 18 және 20 - тармақтарымен кӛзделген мәселелер бойынша ӛзіне берілген қосымша ӛкіл еттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика Парламентінің бекітуіне жатпайды. 4. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бӛлігінде қолданылады жән е Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс. 93 -бап Конституцияның 7 -бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті ӛкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары м емлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті. 94 -бап 1. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Конституция белгілеген Қазақстан Республикасы Президентінің ӛкілеттіктеріне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуірде республикалық референдумда қабылданған шешім бойынша белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады. Қазақстан Рес публикасы Президентінің келісімімен Республика Президенті ӛкілеттігінің қазіргі мерзімі Республика Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен қабылданған Республика Парламентінің қаул ысымен қысқартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент Мәжілісі бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір а й ішінде ант береді және жеті жылдан кейін желтоқсанның бірінші жексенбісінде ӛткізілуге тиіс кезекті Президент сайлауында сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскенге дейін ӛз ӛкілеттігін жүзеге асырады. 2. Конституция күшіне енген кезде қолданылы п жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Вице -Президенті ӛзі сайланған мерзім аяқталғанға дейін ӛкілеттігін сақтайды 43. 94 -1-бап Консти туцияның 41 -бабы 1 -тармағының Республика Президентінің ӛкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық ӛкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ӛткізілетін президенттік сайлау қоры тындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады 44. 95 -бап 1. Бірінші сайланған Сенат депутаттарының жартысы тӛрт жыл мерзімге, депутаттардың екінші жартысы екі жыл мерзімге конституциялық заңмен белгіленген тәртіппен сайланады. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер негізінде сайлау туралы ережелері екінші шақырылатын Парламен т Мәжілісі депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады 45. 96 -бап Конституция күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті онда белгіленген Қазақстан Республ икасы Үкіметінің құқықтарына, міндеттері мен жауапкершілігіне ие болады. 97 -бап Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бірінші құрамы былайша құрылады: Республика Президенті, Парламент Сенатының Тӛрағасы мен Парламент Мәжілісінің Тӛрағасы Конст итуциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден алты жыл мерзімге тағайындайды, Конституциялық Кеңестің Тӛрағасын Республика Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды. 98 -бап 1. Конституцияда кӛз делген сот тӛрелігі мен тергеу органдары тиісті заңдарда кӛзделген тәртіп пен мерзімде құрылады. Олар құрылғанға дейін жұмыс істеп тұрған сот тӛрелігі мен тергеу органдары ӛз ӛкілеттіктерін сақтайды. 2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Тӛрелік Сотының, жергілікті соттардың судьялары Конституцияда кӛзделген соттар құрылғанға дейін ӛз ӛкілеттіктерін сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгіленген тәртіппен толықтырылады. 1 2—баптың 3 -тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 2 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырд ағы № 254 -111 Заңымен 5 -баптың 1 және 2 -тармағына ӛзгертулер енгізілді. 3 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 9 -бапқа ӛзгерту енгізілді. 4 15 -баптың 2 -тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 5 16 -баптың 2 -тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 6 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 33 -бап тың 4 - тармағына ӛзгерту енгізілді. 7 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 34 -баптың 2-тармағына ӛзгерту енгізілді. 8 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы № 403 -IV Заңымен 41 -бап 3 -1- тармақпен толықтырылды. 9 Қазақстан Республикас ының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 41 -баптың 5 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 41 -баптың 1,2 -тармақтарына ӛзгертулер енгізілді. 10 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 42 -баптың 5-тармағы 2 -бӛлікпен толықтырылды. 11 44 — баптың 1), 2), 3), 4), 5), 7), 20) тармақшалары Қа зақстан Республикасынның 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында беріліп, 13), 16) тармақшаларына ӛзгертулер енгізілді. 12 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 46 -бап 4 - тармақпен толықтырылды. 13 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 47 -баптың 3-тармағы толықтырылды. 14 48 - бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңының редакциясында. 15 49 -баптың 2 -тармағы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңының редакциясында. 16 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 50 -бап 5 - тармақпен толықтырылды ; 50 -баптың 2 және 3 -тармақтары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 17 51 -баптың 1, 3, 4, 5 -тармақтары Қазақстан Республикасының 200 7 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 18 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 52 -баптың 3 - тармағына ӛзгерту енгізілді;52 -баптың 5 -тарма ғы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 19 53 -бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 20 54 -бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 21 Қазақс тан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 55 -баптың 1) тармақшасына ӛзгерту енгізілді, 5,6) тармақшалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 22 56 -бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 23 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 57 -баптың 7) тармақшасына толықтыру енгізілді; 57 -баптың 1) және 6) тармақшалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 24 58-баптың 3 -тармағының 7) тармақшасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 25 59 -баптың 4 -тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 26 61 -баптың 1,7 — тармақтары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакция сында; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 5 -1-тармақпен толықтырылды, 6 -тармаққа толықтыру енгізілді. 27 62 -баптың 6 -тармағы Қазақстан Республикас ының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 28 63 - бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 29 64 -баптың 2 - тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 30 Қазақстан Респу бликасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 66 -баптың 2) тармақшасына ӛзгерту енгізілді. 31 68 -баптың 1 -тармағы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңы ның редакциясында; 2 -тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 32 70 -баптың 1 және 3 -тармақтары Қазақстан Республикасының 2007 жыл ғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 6 -тармақтың екінші сӛйлемі алынып тасталды. 33 71 -баптың 3 -тар мағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 34 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 72 -баптың 1-тармағы 2-1) тармақшамен толықтырылды. 35 74 -баптың 2 - тармағы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңының редакциясында. 36 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 75 -баптың 2 - тармағы толықтырылды; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 - 111 Заңымен 75 -баптың 2 және 3 -тармақтарына ӛзгертулер енгізілді. 37 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 81 -бапқа ӛзгерту енгізілді. 38 82 - бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 39 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 86 -бап тың 2-тармағына ӛзгерту енгізілді, 5 -тармақ Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 40 87 -баптың 4 және 5 -тармақтары Қазақстан Республик асының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 41 89 -баптың 2 және 3 - тармақтары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында . 42 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 91 -баптың 1 - тармағы толықтырылды; 91 -баптың соңғы сӛйлемі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңының редакциясында. 43 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 94 -баптың 1 - тармағына толықтыру енгізілді. 44 азақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 -111 Заңымен 94 -1- баппен толықтырылды. 45 Қа зақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 -1 Заңымен 95 -баптың 2 - тармағына толықтыру енгізілді.